21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №89

257 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2015 жылғы 13 ақпан, Астана қаласы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №89 бұйрығымен бекітілген Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже 1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi іс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 1) жабдық тобы – жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерiнiң, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететiн барлық қазандықтардың (тозаң көмiрлi, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы; 2) жабдықтың кiшi тобы – тозаң көмiрлi немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бiрге жұмыс жасайтын жаңарған будың бiрдей параметрлерi бар турбоагрегаттардың кез келген типтерiнiң жиынтығы; 3) электр станциясының белгiленген қуаты – генерацияланатын электр станциясының қуатын шектеудi шегере отырып оның белгiленген қуаты; 4) жылу электр станциясының белгiленген электр қуатын шектеу – белгiленген қуатты мәжбүрлі пайдаланбау мәнi; 5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың тораптарының күрделi жөндеулер кезiнде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан, конструктивтi ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнiмдiлiгiнiң белгiленген қуатқа сәйкес келмеуiнен оның белгiленген қуатын мәжбүрлi азайту; 6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу – сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесiнiң өзгеруi салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуi) iс-әрекетiнен агрегаттың белгiленген қуатын азайту; 7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу – режимдiк, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиiсiнше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан iске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтiрiлген шектеулер; 8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы бiлiгiнiң айналуын механикалық энергияға айналдыру есебiнен электр энергиясын өндiретiн электр станция; 9) қуаттың күтiлетiн шектеулерi – алдағы жылға арналған қуаттың шектелуi; 10) қуатты шектеудiң жылдық орташа мәнi – қуатты шектеудiң айлар бойынша орташа арифметикалық мәнi; 11) номиналды қуат – осы жабдық үшiн жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгiленген қуат; 12) сараптама ұйымы – заңнамада белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға; 13) уәкiлеттi орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 14) жылу электр станциясының белгiленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсендi электр қуатының жиынтық мәнi; 15) электр станциясының жұмыс қуаты – жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты; 16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң арасындағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын сатып алу – сатуға байланысты қатынастар жүйесi; 17) экологиялық шектеулер – табиғатты қорғау iс-шараларын өткiзу себебiнен белгiленген қуаттың азайтылуы. 3. Жылу энергия өндіруші ұйымдары электр қуатын шектеудi келiсу үшiн 1 қазанға дейінгі мерзімде уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды бередi: 1) энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша осы Ережеге 1,3 және 4-қосымшаларда сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды, жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі; 2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Ережеге 2,3 және 4-қосымшаларда сәйкес нысандар бойынша жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерiнiң коды, жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі; 3) өткен жылы электр қуатын шектеудi қысқарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы туралы есеп. Есеп еркiн нысанда жасалады; 4) сараптама ұйымы берген энергетикалық сараптаманың актiсi. 4. Электр қуатын шектеудi келiсу үшiн материалдар екi данада берiледi және оны уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап күнтiзбелiк 20 күннен аспайтын мерзiмде қарайды. 5. Қараудың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган ұсынылған материалдарды келiседi немесе құжаттар осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келiсуден бас тартады. Уәкiлеттi орган электр қуатын шектеудi келiсуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебiн көрсетiп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды. 6. Келiсуден бас тарту себебiн жойғаннан кейiн материалдар қайтадан келiсуге жiберiледi. Қайта келiсу олардың қайта түскен күннен бастап күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. 7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеудi қысқарту үшiн оның ішінде мынадай iс-шаралар орындалады: 1) күрделi жөндеу жүргiзу кезiнде станция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған iс-шаралар орындалады; 2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшiн тиiмдi жылу алмасу аппараттары қолданылады; 3) күл-қож шығару мен түтiн газын тазалаудың тиiмдi жүйесi қолданылады; 4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етiледi. 8. Жылу электр станциялары жүргiзiлген энергетикалық сараптаманың нәтижелерi мен нәтижелерi бойынша ұсынымдар негiзiнде электр қуатын шектеуді қысқарту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi. 9. Электр қуатын шектеуді қысқарту жөнiндегi әзiрленген iс-шаралар уәкiлеттi органға 1 қазанға дейінгі мерзімде келiсуге жiберiледi. 10. Қараудың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде электр қуатын шектеуді қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiседi немесе оларды келiсуден бас тартады. Уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебiн көрсетiп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды. 11. Жылу электр станцияларының белгiленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсiн бөлшектеген немесе жұмыс iстеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертiледi. 12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштiк агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгiленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады. 13. Буды бөлiп алу және қос мәндi номиналды қуаты, бу бөлудiң жүктеме режимiне тәуелдi жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшiн номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептiк жұмыс режимiнде қамтамасыз етiлетiн турбинаның ең төменгi қуатының мәнi бойынша қабылданады. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ережеге 1-қосымша үлгі Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды Жабдық тобының атауы Код толық қысқартылған ЖЭС бойынша барлығы ЖЭС барлығы 97 Қуаты: 500 500 блок 3 300 300К блоктар 4 200 200К блоктар 7 150 150К блоктар 8 МВт конденсациялы энергиялық блоктар Буды iрiктеу реттеуiшi бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт: 300 300Т блоктары 54 200 200Т блоктары 57 150 150Т блоктары 58 КЭС 90 кгс/см2 КЭС-90 11 ЖЭО 240 кгс/см2 ЖЭО-240 5 ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатусыз ЖЭО-130 10 ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатумен ЖЭО-130ПП 59 ЖЭО 90 кгс/ см2 ЖЭО-90 12 Бу-газды қондырғылар БГҚ 16 Газ-турбиналы қондырғылар ГТҚ 17 Өзге де жабдықтар* Өзге 21 Қолданыстағы ЖЭС-тi iске қосу қазандықтары IҚҚ 18 Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар ПСҚҚ 20 Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60÷120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелдi қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ережеге 2-қосымша үлгі Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерiнiң коды Қуатты шектеудiң себебi Шектеу себептерiнiң коды техникалық маусымдық уақытша 1 2 3 4 Қуатты жиынтықты шектеу 100 200 300 Жобасыз отын, сапасы төмен отын 301 Есептi қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары 102 Қазандықтардың конструктивтік ақаулары 103 Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының конструктивтік ақаулары 104 Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткiлiксiз номиналды өнiмдiлiгi 105 Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 306 Газды ауа трактысының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 307 Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 308 Будың төмендетiлген параметрлерiмен бу жеткiзушiлердiң, турбина жұмыстарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйi 309 Қазандықтардың жеткiлiксiз номиналды бу өнiмдiлiгi 110 Турбоагрегаттардың конструктивтік ақаулары 111 Турбиналардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 312 Күректi аппараттың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 313 Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 314 Регенерациялау жүйесiндегi қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 315 Есептiк ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы 116 ПТН-ның жеткiлiксiз номиналды берiлуi 117 ПТН-нiң қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 318 Р типiндегi турбиналарда жылу жүктемелерiнiң болмауы 120 Р типiндегi турбиналарда жылулық жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi 221 321 Жаман вакууммен жұмыс iстейтiн турбиналардың жылулық жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi 222 322 Т, П, ПТ типiндегi турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi (жоғары конденсациялық өндiру) 223 323 Жылуды тұтыну режимiмен байланысты өзге де себептер 224 324 Т, П, ПТ типiндегi турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткiлiксiздiгi (конструктивтік ерекшелiктер) 125 225 325 Жылуды тұтынудың артуы 231 Реттелмейтiн сұрыптаудан жылу беру 232 Репродуктивтi-салқындату құрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы 333 Жоба бойынша градирен санының жеткiлiксiздiгi 141 241 341 Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткiлiксiздiгi 142 Градиреннiң қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 343 Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 344 Конденсаторлардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 345 Гидросуытқыштардың жеткiлiксiз суытылуына байланысты өзге де себептер 146 246 346 Конденсаторға кiрерде суытқыш су температурасының артуы 247 Тоған-суытқыштардың жеткiлiксiз салқындату қабiлеттiлiгi 148 248 348 ГТҚ бойынша шектеулер 149 249 349 БГҚ бойынша шектеулер 150 250 350 Генератор қуатының жобалық сәйкессiздiгi 151 Iлеспе компенсатордың режимiндегi турбогенератордың жұмысы 352 Жүйеаралық электр байланыстарының жеткiлiксiз өткiзу қабiлетi (жабылған қуат) 353 Генератордың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі 354 Қайта енгiзiлген агрегаттарды игерудi нормативтiк мерзiм кезiнде шектеу 355 Жылу беру өнiмдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi 161 Қазандықтарда және қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшiлiктерi 362 Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерiнде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшiлiктерi 363 Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлерi) 364 Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз жобалық өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлерi) 165 Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс-монтаждау кемшiлiктерi 366 Ауа бассейнiн қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу 370 Су бассейнiн қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу 371 Жiктеуiшке кiрмеген өзге де себептер 172 272 372 Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, су электр станцияда (СЭС) су ресурстарының жетiспеушiлiгi 226 Құйылудың және су қоймасының жұмыс iстеуiнiң төмендiгiне байланысты су ресурстарының жетiспеушiлiгi 227 Су қоймасынан суды тастау режимi бойынша шектеу 228 Төменгi бьефтi жоғарғы тiреу 229 Су электр станция (СЭС) плотинасының дайын болмауы 367 Жүктелу қабiлетiн ескерiп, турбиналардың жұмысы 180 Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ережеге 3-қосымша үлгі КЕЛIСIЛДI КЕЛIСIЛДI ___________________ басшысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi сараптама ұйымның атауы __________ _______________ __________ ______________ қолы Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. 20 __ ж. «____»____________ 20 __ ж. «___»_______________ 20__жылғы ____________________ жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер ЖЭС аты Көрсеткiш Жабдық тобының коды Жобалық отын түрiнiң коды Энергия блогының нөмiрi Шектеу себебiнiң коды Айлар бойынша көрсеткiштiң мәнi (МВт) I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII Жылдық орташа Белгiленген қуаты Қолда бар қуаты Шектеулi қуаты Оның iшiнде себептер бойынша ЖЭС басшысы ________________ ____________________ қолы тегi, А.Ә. Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кiшi топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептерi бойынша бөле отырып), әрбiр жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтiрiлген. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ережеге 4-қосымша Электр қуатын шектеудің есебі 1. Электр қуатын шектеу: 1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке кiшi тобы бойынша; 2) алдағы жылдың әрбiр айына және орташа есеппен жылға есептеледi. 2. Қуатты шектеу жабдығының кiшi тобы бойынша негiзделетiн бiрнеше факторлар бiр мезгiлде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектiлiгi қуатты шектеудiң мынадай басым түрлерiне сәйкес келедi: техникалық, маусымдық, уақытша. Жабдықтың кiшi тобы қазандықтарында олардың бу өнiмдiлiгiнiң төмендеуiн (техникалық шектеу түрi) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгiлiнде салқындатқыш судың температурасының көтерiлуiне байланысты (маусымдық шектеу түрi) электр қуатын шектеудiң есебi номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетiлген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнiмдердiң атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгiлiнде вакуумның нашарлауына байланысты кiшi топтың электр қуатын шектеу ескерiле отырып есептеледi. 3. Қуатты шектеу есептерi мынадай жағдайларда орындалады: 1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы; 2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудiң болмауы; 3) жылуды ыстық сумен босатудың күтiлетiн мәнiндiгi соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергiлiктi метеоқызметiнiң бақылау деректерi бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келедi; 4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнiн қабылдау олардың өтiнiмдерi бойынша, ал өтiнiм болмаған жағдайда – өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады; 5) өз қажеттiлiгiне жұмсалған жылу және электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және есептеу үшiн қажетті басқа да көрсеткіштер жабдықтардың нормативтiк сипаттамалары бойынша анықталады. Есептеу кезiнде отынның жетiспеушiлiгiнен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзiмдi нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетiн шөгiндiлердiң басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды. 4. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi есептеу өткен жылы орындалған оларды қысқарту жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгi ескерiле отырып орындалады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10450 болып енгізілді.